Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Екібастұзда бір топ мастар дәрігер мен медбикені ұрып тастады (ВИДЕО)

Екібастұзда бір топ мастар дәрігер мен медбикені ұрып тастады (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Жас жігіттер дәрігерге қол көтерген.

Павлодар облысында ішімдік ішкендер медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен. Қазіргі кезде оқиғаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, 12 сәуірде таңертең жергілікті тұрғын мас күйдегі екі досымен бірге Екібастұз ауруханасының қабылдау бөліміне медициналық көмекке жүгінген.

Дәрігер көмегіне жүгінген адаммен бірге келгендер әдепсіздік танытқан және дәрігердің ескертпесіне агрессивті түрде жауап берген.

Ғимараттан шығудан бас тартқан жас жігіттер дәрігерге қол көтерген. Арашалауға тырысқан мейірбике де жарақат алды.

"Зардап шеккен екі медицина қызметкері де ауруханаға жарақат алуы себепті жатқызылды. Полиция қызметкерлері жедел келіп, оқиға орнында үш күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті өкілдері.

Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына, біреуі арнайы палатаға орналастырылды және күзет бақылауында.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар