Басты жаңалықтар

Аутизмі бар балалар мен оның аналарына тіл тигізген блогер Қостанайда соққыға жығылды (ВИДЕО)

Екі қыз арасындағы жанжал әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде басталғаны алдын ала анықталды.

Әлеуметтік желілерде блогер мен оның оқырманы арасында болған төбелестің видеосы тарады. Ол бірнеше ай бұрын аутизм спектрі бұзылған және онкологиялық ауруы бар балалардың аналарына қатысты айтқан сөздері үшін айыппұл арқалаған болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жағдайға байланысты полиция пікір білдірді.

Айта кетсек, ол балалардың дертін ата-анасының өмір салтымен байланыстырған. Бұл жолы жанжал әлеуметтік желі шеңберінен шығып кетіп, арты төбелеске ұласқан.

Жарияланған кадрларға қарағанда, төбелеске блогердің туыстары да қатысқан.

Қалалық полиция мәліметінше, барлық қатысушы сол жерде ұсталып, бөлімшеге жеткізілді.

"Екі қыз арасындағы жанжал әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде басталғаны алдын ала анықталды. Өзара жанжал жеке кездесу кезінде жалғасып, соңы төбелеске ұласқан. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Индира Нұруева.

Айта кетейік, әйел полиция бөлімінен видео жариялап, кейін оны өшіріп тастаған.