Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жанар Айжанова: Қазіргі жігіттер малдың ұрғашысы мен еркегін де ажырата алмайды

Жанар Айжанова: Қазіргі жігіттер малдың ұрғашысы мен еркегін де ажырата алмайды
ашық дереккөз
Әншінің әпкесі өздерінің еркекшора болып өскендерін айтады
Жанар Айжанова көлікпен суретке түскенді ұнататын жігіттерді сынады. Айтуынша, олар бүгінде малдың ұрғашысы мен еркегін де ажырата алмайды. Ал әнші әлі күнге дейін базардан қойды өзі таңдап алады екен, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Аналар бағдарламасына сілтеме жасап. «Қыз бала болса да, апамның қолғанаты болды. Біздің үйде екі ұл, бес қыз бар. Ер балалар армияға кеткендіктен, Жанар екеуімізді ер бала секілді жұмсап, еңбекке баулыды», - дейді әншінің әпкесі. Жанар Айжанова Ақтөбе өңіріндегі Шалқар атты жердің қызы. Қазақы орта, салт пен дәстүрдің қаймағы бұзылмаған аймақ. Бес қыздың төртіншісі Жанар жастайынан алғыр болып өсті. Үй мен түздің шаруасына қатар араласты. Бұл туралы әншінің өзі де балалық шағы туралы естеліктерінде айтып отырады. «Мен әлі күнге дейін базарға барсам қойымды ешкімге таңдатпаймын. Көліктен секіріп түсіп, өзім таңдаймын. Тіпті, сирағынан сүйреп алып шығамын. Ол менің білгендігім ғой. Неге мен мұны ұмытуым керек?! Ұмытпағаным керісінше өзіме жақсы. Көліктің алдына керемет болып суретке түскен жігіттер малдың ұрғашысы мен еркегін ажырата алмайды. Қошқар алып кетіп жатады. Мен, мысалы, қошқардың етін жемеймін сасытып. Тек саулық, тұсақ қойдың етін жеймін», - дейді Жанар Айжанова. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар