Мәдениет

Ерлі-зайыптының секс-виедосы тарап кетті: ақтаулық блогер жағдайының қиындағанын айтты

Ерлі-зайыпты көпшіліктен бейнежазбаны таратуды тоқтатуға шақырды.

Әлеуметтік желіде интимдік видеосы тарап кеткен асаба жағдайдың өзіне ауыр тиіп жатқанын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Осы видеодан кейін оның кәсіби қызметі толық тоқтап, қаржылық қиындықтарға тап болған.

"Осы іске байланысты менің барлық жұмысым тоқтап тұр. Асабалық қызметім де, ашылу салтанаттары, жүргізетін жаздағы тойларымның ақшасын қайтадан сұрап жатыр. Қазір енді бізге қаражат жағынан да, психологиялық жағынан да өте ауыр болып жатыр шыны керек. Одан бөлек өзіміз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Атымызда үй жоқ. Одан бала-шағамыз бар. Осыған байланысты видеоны таратқан адамдардан моральдық шығындарды өндіретін боламыз. Әзілдеулеріңді қойыңдар. Жігіттер, қатынға ұқсамаңдар!", – деді ерлі-зайыптылар.

Ерлі-зайыпты бұл жағдайдың отбасына айтарлықтай соққы болғанын айтып, бейнежазбаны таратуды тоқтатуға және жеке өмірге құрметпен қарауға шақырды.