БҚО-да екі жігіт әйелдер дәретханасында жыныстық қатынасқа түскен
Бұл жағдайға Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.
Оралда екі жігіт әйелдер дәретханасында жыныстық қатынасқа түскен. Оларды үш адам көріп қалып, бірі екеуін соққыға жыққан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл жағдайға Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді. Оқиға 17 ақпанда болған.
"Тексеру барысында биыл 17 ақпанда Оралдағы барлардың бірінде екі ер адам соққыға жығылған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқыққа қарсы әрекет жасаған ер адам анықталып, полицияға жеткізілді", – деп хабарлады БҚО ПД.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.