Қоғам
Елімізде Ұлттық біріңғай тесітелу келесі жылы бір рет өткізілетін болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:05
- 44
Аида Балаева ҰБТ-ға қатысты өзгерісті айтты.
Қазақстанда енді жоғары оқу орнына түсуге арналған Ұлттық біріңғай тестілеу тек бір рет өткізілетін болады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, бұл ұтымды шешім. ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыру жүйесі талапкерлерді сапалы іріктеу мәселесін толық шешпейді.
«ҰБТ-ны тұтастай жаңғыртып, оны бір рет тапсыратындай етіп бекіту қажет. Бұл грант конкурсына қатысу үшін объективті әрі ең басты баға ретінде қарастырылуы тиіс. Сонымен қатар білім деңгейін өзін-өзі бағалау және дайындық әдістерін уақытылы түзету үшін сынақ тестілеу жүйесі сақталады», - деп мәлім етті ол.
Келесі мақала



