Басты жаңалықтар
Маңғыстау облысында мұғалім оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 21:35
- 24
Мұғалімнің әріптестері оның мұндай әрекетке барғанына сенбейтіндерін жеткізді.
Маңғыстау облысында мұғалім оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы ер адам полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеу амалдары басталған. Ол Мұнайлы ауданындағы №12 мектепте технология пәнінен сабақ берген және бұл білім орнында сегіз жылдан бері жұмыс істеп келген. Күдіктінің төрт баласы бар екені белгілі болды.
Әріптестері оның мұндай әрекетке баруына сенбейтіндерін айтқан.
Полицияға арызды тоғызыншы сынып оқушы қыздың өгей әкесі жазған. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.




