Қоғам

Air Astana-ның бұрынғы басшысы Питер Фостер Қазақстаннан көшіп кетті

Жиырма жылдан астам уақыт Air Astana әуе компаниясын басқарған Питер Фостер отбасымен бірге Қазақстаннан кетті.

 Бірақ топ-менеджер директорлар кеңесінің аға кеңесшісі қызметін атқара береді. Бір күн бұрын Фостер отбасы Алматыдағы үйінде қоштасу кешін өткізді. Бұл туралы топ-менеджердің үйіне қонаққа барған кәсіпкер Арманжан Байтасов әлеуметтік желіге жазды.

«Питер мен Татьяна Фостер жақын достарды үйіне Farewell party-ге шақырды. Олар ертең таңертең ерте ұшып кететінін қабылдау қиын. Бірақ Питер Қазақстанға жиі келіп тұруға уәде берді», – деп жазды Байтасов.