Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өздерінің тұрғызған сарайына көміп кетті»: Атырауда күйеубаласының қолынан қаза тапты делінген отбасының жақыны өкінішін айтты

«Өздерінің тұрғызған сарайына көміп кетті»: Атырауда күйеубаласының қолынан қаза тапты делінген отбасының жақыны өкінішін айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Марқұм Мақсот Мұқанғалиевтің қарындасы аға-жеңгесінің табылған жеріне барып, орны толмас өкініші туралы айтты.

Атырау облысы, Жангелдин ауданында орын алған отбасы трагедиясына қатысты марқұмдардың туысы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ Alash.kz сайтына сілтеп.

КТК телеарнасының тілшісі Жанат Молдашева оқиға орнына барып, құрбандарға құран бағыштап қайтты:

"Жангелдин ауылындағы марқұмдарға құран бағыштай барғанмын. Қызметтен бөлек, адами міндет, мұсылмандық парыз. Өзегі өртеніп отырған ағайын-туыстың жанайқайын да тыңдадым. Елге, ауылдас, дос-жаран, қолдаушылардың барлығына алғыстарын білдіріп жатыр. Аңырап қалған ағайынның айтары көп",- дейді журналист.

Марқұм Мақсот Мұқанғалиевтің қарындасы аға-жеңгесінің табылған жеріне барып, орны толмас өкініші туралы айтты.

«Осы сарайдан тапты. Осы жерде жерленген. Кім ойлаған? Ең болмаса, өлтіріп басқа жерге көмсе… Өздерінің тұрғызған сарайына көміп кетіп тұр ғой… Өкінішті жағдай. Күйік болып қалып қойған. Осы сарайды еңбектеніп тұрғызып, осы сарайға шай ішіп, осы сарайға жататын еді. 60 жасына туған күніне келгенде, осы сарайға үстел жасады. Осы сарайға ағайынға дастархан жайды. Ақбаян екеуміз бүкіл тамағын жасап, жүгіріп жүрдік. Стяжканы ойып тұрып, көміп тұр ғой… Кім ойлаған?!», - дейді марқұмның қарындасы.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар