Павлодарда акшер-гинекологтар ер адамдарды, басқа дәрігерлер қайтыс болған адамдарды қабылдап келген
Емдеу қызметтерін қайталау арқылы қосарланған төлем жасау жағдайлары тіркелді.
Павлодар қаласының прокурорлары халыққа медициналық көмек көрсетуге арналған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» былықтарын анықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтар болсақ, невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да аясы тар бейінді мамандардың қабылдаулары қайтыс болған адамдарға, акушер-гинеколог дәрігердің консультациялары ер адамдарға «көрсетілген». Емдеу қызметтерін қайталау арқылы қосарланған төлем жасау жағдайлары тіркелді.
«Қадағалау актілері бойынша заңбұзушылықтарды жою, рұқсат беру құжаттарын алу және кінәлі тұлғаларды заңнамада белгіленген жауаптылыққа тарту жұмыстары жүргізілуде. Қабылданған шаралар нәтижесінде 100 млн теңгеден астам сомаға келтірілген залалдың өтелуі қамтамасыз етілді. Сот қарауында медицина саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру арқылы 62 млн теңге көлемінде мемлекеттік қаражатты жымқыру және 41 млн теңге көлемінде мемлекетке залал келтіру фактілері бойынша екі қылмыстық іс бар», – делінген прокуратура хабарламасында.