Мысықты кір жуғыш машинаға салып, жуып өлтірген: семейлік әйелге айыппұл салынды
Тұрғынның әрекеті көпшіліктің ашу-ызасын тудырып, арты қоғамдық резонанс тудырды.
Семейде әйел үйіндегі марғауын кір жуғыш машинаға салып жуып, өлтіріп қойған. Мысық ол жерде бір сағат болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол кейін өлексені видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Әйелдің айтуынша, оның үлкен ұлы марғауды кір жуғыш машинаның барабанына салып жіберген. Ол мұны байқамай машинаны қосқан.
Тұрғынның әрекеті көпшіліктің ашу-ызасын тудырып, арты қоғамдық резонанс тудырды.
Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 сәуір күні жануардың иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылған. Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманы бұзғаны үшін оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 43 250 теңге айыппұл салынды.