Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Әр әйел төсекте де қызық болуы керек шығар»: секс-видеолары тарап кеткен ерлі-зайыпты сұхбат берді

«Әр әйел төсекте де қызық болуы керек шығар»: секс-видеолары тарап кеткен ерлі-зайыпты сұхбат берді
Сурет: видеодан скриншот
Әйелімен интим-видеосы тарап кеткен ақтаулық асаба оны өздері үшін түсіргенін айтады.

Желіде интим видеолары тарап кеткен ерлі-зайыпты бұл туралы шындықты айтып, сұхбат берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ақтау қаласында «Хан» лақап атымен танылған асаба мен оның жұбайы Алма блогер Жан Ахмадиевке сұхбат берді.

"Мен шыдай алмаймын. Бұл кісіге қайдан ғана түсірдік сол видеоны деп айтамын. Қиын болып жатыр қазіргі таңда. Өзімнің әке-шешем жоқ. Өзіме қол жұмсасам ба деген де ойлар келді. Видеоны түсіру идеясы жолдасымдікі. Кез келген адамда болады ғой. Өздерін періште қылып көреді. Әр әйел өз күйеуіне, төсекте де қызық болуы керек шығар деп ойлаймын. ", - деі асабаның әйелі. 

Ал асаба Хан бұл видеоны өзі тараптпағанын айтуда. 

"Бұл видеоны әдейі таратып жіберіп тұр ғой. Өзіміз үшін түсіргенбіз. Тарату үшін түсірген жоқпыз", - деді асаба.

Жан Ахмадиев өз парақшасында бұл жағдайға біржақты баға беруге асықпайтынын жеткізді.

 «Қазір ел ішінде қызу талқыланып жатқан видеодағы ерлі-зайыптылар Хан мен Алма бізге арнайы сұхбат берді. Тараған бейнежазбаға қатысты пікір сан алуан. Алайда шындық әрдайым бір қырынан көрінбейді. Біз ешкімді ақтап та, қаралап та отырған жоқпыз. Тек оқиғаны олардың өз аузынан жеткізуді жөн санадық. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?» – деп жазды блогер.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар