Қоғам

Тоқаев Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айтты

Тоқаев Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қоғам қайраткері, халық жазушысы, Қазақстанның еңбек ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

“Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан қоғамымыздың тұғырлы тұлғасы еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды. Шығармалары көптеген шет тілдеріне тәржімаланды, жалынды жырларын қалың оқырман сүйіп оқыды.

Тоқаев өнегелі өмір сүріп, соңына мол әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халықтың жадында мәңгі сақталатынын атады.