Қоғам

Ақтаулық асаба мен әйелінің интим-видеосы тарап кетті: күдікті жасөспірім болып шықты

Ақтаулық асаба мен әйелінің интимдік видеосын таратты деген күдікті ұсталды.

Ақтаулық асаба мен оның әйелінің интимдік видеосын таратты деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 Ақтауда жеке бейнематериалды заңсыз тарату дерегі тоқтатылды. Ақпаратқа сәйкес, күдікті кәмелетке толмаған тұрғын.

«Полицияға жергілікті блогерлер жүгініп, WhatsApp мессенджері арқылы жеке пайдалануға арналған бейнематериалдарының таралғанын хабарлаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 147-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол – қала тұрғыны, кәмелетке толмаған», - делінген хабарламада.

Полиция жеке және құпия материалдарды келісімсіз тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.