Басты жаңалықтар

Қазақстанда қай жұлдыздар тойда аз гонорарға өнер көрсетуге дайын?

Асхат Тарғын: Жалпы адамның жағдайымен санасуға тырысамын

Жаз келіп, жұрт той жасауға кіріскендіктен, жұлдыздар теңгемен жұмыс істеуге дайындалып жатыр. Сондай-ақ, көпшілігі халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен санасып, тойдағы гонорарларын түсіруге келісетіндерін айтты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап. Асхат Тарғын: Менің гонорарым бірқалыпты. Қатты қымбат та, арзан да деп айтпаймын. Орташа баға ұсынамын. Жалпы адамның жағдайымен санасуға тырысамын. Доллар көтеріліп кеткен соң, гонорарды теңгемен алатын болдық, құдайға шүкір. Кәмшат Жолдыбаева: Биылғы той маусымында гонорар өзгермейді. Бұрынғы қалыпты гонорар қалады. Халықтың жеңілдік сұрайтынына қарағанда гонорарым қымбаттау сияқты. Ақбота Керімбекова: Өзімнің тұрақты бір бағам бар. Соны айтамын. Қымбаттау болып жатса, кішкене түсіруге тырысамын. Көп жағдайда осылай өтініш жасап жатады. Шаһизада: Қосымша жұмысым бар болғандықтан, қарап отыратын әнші емес. Яғни тойға қарап отырмаймын. Оның үстіне ақша ешқашан көптік етпейді. Бала-шаға мен немере өсіп жатқандықтан жарататын жер көп болып тұр. Әдетте шақырған адамдар қандай сома ұсыну керектігін біледі. Тамара Асар: Өзім продюсермен жұмыс жасаймын. Бізде арнайы келісімшарт бар. Әдетте сол кісінің айтқанына бағынамын. Нұрлан Еспанов: Продюсермен жұмыс істейтіндер той иелерімен гонорарды тікелей шеше алмайды. Яғни әншілер мұндайда өтінішпен келісіп, гонорар сомасын түсірмейді. Ол әншілердің ақшаға да қатысы жоқ. Бірден «Мен білмеймін» деп жауап береді. Автор: Kyn.kz