Басты жаңалықтар
Енді Қазақстанда 30 тамыз мереке болып саналмайды
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 сәуір, 2026
- 508
Биыл жазда мереке болмайды.
Осы жылы 30 тамыз мемлекеттік мереке болып саналмайды және әдеттегі жұмыс күні болып қалады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Жоқ, биыл бұл күн демалыс болмайды. Бұл күн жаңа Конституцияға байланысты алынды, өйткені басқа күн белгіленген. 30 тамыз мемлекеттік мереке де, демалыс күні де болмайды. Бұл — қалыпты жұмыс күні», – деді Ертаев Үкіметтегі баспасөз конференциясында.
Еске салсақ, елімізде жаңа Конституция қабылданған соң, Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысып, Ата заңды қабылдау туралы құжатқа қол қойған еді. Сол кезде президент енді Конституция күні 15 наурызда тойланатынын айтқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Үсік, жаңбыр мен қар: 2 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
- авторkyn.kz
- 2 қыркүйек, 2026
Басты жаңалықтар
2027 жылы кейбір жәрдемақы мөлшері өсуі мүмкін
- авторТомирис Тоныкөк
- 1 қыркүйек, 2026




