Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Баламның тағдыры не болмақ?»: ақтаулық асабаның видеосын таратты деген жасөспірімнің анасы көмек сұрады

«Баламның тағдыры не болмақ?»: ақтаулық асабаның видеосын таратты деген жасөспірімнің анасы көмек сұрады
Сурет: видеодан скриншот
Баласы анасына асабаның қызмет ақысын толық бермей жүргенін айтқан екен.

Ақтаулық «Хан» есімімен танымал асаба мен оның әйелінің жеке видеосын жұртқа таратты деп айыпталған мобилографтың анасы өз шындығын айтты.

Әйелдің сөзінше 16 жастағы ұлы жұмыс берушісінің телефонынан жабық видеоларды ұрлауы мүмкін емес.

Баласы анасына асабаның қызмет ақысын толық бермей жүргенін айтқан екен.

«Видео жібергенде кетіп қалыпты дейді. Неге ол жіберген видеоларын қарамайды? Енді бізге кешірім сұрап видеоға түсіңдер деп жатыр. Біз бас тарттық. Балам ҰБТ-ға дайындалып жүр еді. Баламның болашағы не болады? 16 жастағы балаға ақпан айында 20 күн жұмыс жасатты. Үш күн ғана барды. Сонда ақшасын бермеген. Таксиінің ақшасын да бермеген. Айдалада балам мұздап, өзім такси шақырдым. Сол кезде балама осы жұмыста жасамай-ақ қой дедім. Енді соңы осылай болды. Ол телефоннан балам видеоларды аша алмайды ғой. Телефонды ашу үшін өзінің түрі керек емес пе камераға. Оны балам аша алмайды. Қалай жіберді?»,- дейді анасы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар