Қоғам

Атыраудағы бір отбасының өлімі: Ақбаян Мұқанғалиеаның денсаулығына қатысты мәлімет пайда болды

Марқұм ерлі-зайыптының қызы Ақбаянның денсаулығына байланысты дерек шықты.

Атырау облысындағы бір отбасының төрт мүшесін өлтіру ісі бойынша тергеу жалғасуда, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Атырау облысындағы бір отбасын өлтіру ісі бойынша күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев пен марқұмдардың кіші қызы Ақбаян Мұқанғалиева күдікке ілінді.

Марқұм Мақсот Мұқанғалиевтың қарындасы Әдемі Мұқанғалиева сіңлісі Ақбаянның денсаулығында кінәрат барын, оның өз іс-әрекетіне есеп бере алмайтын күйде болғанын айтады. Бұл туралы журналист Жанат Молдашева парақшасында жазды.

«Киім, тамақтарын апарып тұрамын ғой. Дәрісін беріп жіберемін. Бірақ, кездескен жоқпын. Көруге, кездесуге болмайды. Рұқсат жоқ. Ішкі Істер басқармасына да барып шықтым. «Сот болған жоқ. Бәрі бақылауда тұр. Кездестіре алмаймыз» деді. Бізге Ақбаянның денсаулығына қатысты, жеке басы туралы ешқандай ақпарат айта алмайды. Арнайы рұқсат қағазы керек екен. «Жақсы. Емін алып жатыр. Басқа не айтасыздар?!» деді. «Қаны аз» деді. Артынан «Тісі ауырып жатыр» деді. Дәрігерлер дәрісін жазып береді. Апарып беріп отырамын. Шалқар ағасы апарып беріп жүр. Дәрігерлер «Ағаң келіп кетті» деген кезде, «Наурыз ағам ғой» депті», - дейді марқұмның сіңлісі.

Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылардан қалған бес бала мемлекет қамқорлығына алынды. Олардың үлкендері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылса, кішілері сәбилер үйіне тапсырылды.