Алматыда 11-сынып оқушысы ең үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді
11- сынып оқушысы ауадан ауыз су алу бойынша әзірлемелерді ұсынған.
Алматыда 11-сынып оқушысы әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
№79 гимназияның оқушысыы Дана Қадырбек БҰҰ-ның Венадағы штаб-пәтерінде UNIDO ұйымдастырған Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына кірген.
Дана ауадан ауыз су алу бойынша әзірлемелерді ұсынған. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – құрғақ климат жағдайында да ауыз су алуға мүмкіндік беретін құрылғы.