Қоғам

Журналист ақынның қазасына қатысты ауыр айыптаулар айтқан белсендінің кім екенін дүйім жұртқа таныстырды (Видео)

Абзал Ибрашев: Серікжан Біләш қытайдағы қазақтарды соттатып, АҚШ-та қашып жүрген адам.

Қазақстандық журналист Абзал Ибрашев Шахановтың қазасынан кейін желіде былапыт сөз айтып, тіпті ақынның ар-намысына тиетін айып таққан  Серікжан Біләш жайлы мәліметтермен бөлісті, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Ибрашевтің сөзіне сенсек,  Серікжан Біләш алдымен қандас ретінде Қазақстанға көшіп келген. Қазір АҚШ-та тұрады екен.  Белсендіні көптеген қазақ Қытайдағы қазақтардың қамалуына себепші деп түсіндіреді екен.