Қоғам

Доллар 461 теңгеге дейін төмендеді

АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 461,37 теңгені құрады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар 3,23 теңгеге арзандады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 461,37 теңгені құрады.  Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орташа есеппен 461,39 теңге, сату – 463,94 теңге.

Астанада долларды орташа есеппен 458 теңгеден сатып алып, 465 теңгеден сатуда.

Шымкентте долларды сатып алу бағамы шамамен 462,31 теңге болса, сату бағамы — 464,47 теңге деңгейінде.