Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда полицияның жаңа басшысы тағайындалды

Атырауда полицияның жаңа басшысы тағайындалды
instagram.com/up_aktau_polisia
Атырауда полиция басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл лауазымға бұған дейін Жаңаөзен полициясын басқарған полковник Айдар Қасанов келді, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Кадрлық ауыс-түйіс туралы ақпаратты Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түрде растады.

"Ішкі істер министрінің бұйрығымен Айдар Қасанов Атырау Полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды. Оның 20 сәуірден бастап өз міндетіне кіріскенін растаймыз", – деп хабарлады ведомство.

Атырау полициясының бұрынғы бастығы тергеу изоляторына қамалды

Бұған дейін Атырау ПБ бұрынғы бастығы Бақтыбек Исаевтың теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылғаны және тергеу изоляторына (УҰИ) қамалғаны белгілі болған еді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар