Басты жаңалықтар

Air Astana Таяу Шығысқа ұшатын рейстерді мамырдың аяғына дейін тоқтатты

Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты.

Air Astana Таяу Шығысқа бағытталған рейстерді тоқтату мерзімін 31 мамырға дейін ұзартты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мән-жайды әуекомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты", - деп жазды әуекомпания.

Рейстері тоқтатылған жолаушыларға мына нұсқалардың бірі ұсынылады:

  • әуебилет құнын айыппұлсыз толық қайтару;
  • 31 шілдені қоса алғандағы рейстерге дәл сол қызмет көрсету класы бойынша тегін қайта брондау;
  • айыппұлсыз, бірақ тариф пен әуежай алымдарының айырмашылығын төлей отырып, Air Astana рейстерінің бағытын өзгерту (31 шілдені қоса алғанда ұшатын рейстерге).

Бұл ретте әуе тасымалдаушысы егер билет бұған дейін айыппұл ұстала отырып қайта брондалған болса, бұл сома қайтарылмайтынын нақтылады.

Әуекомпания өңірдегі жағдайды жіті бақылап, қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді.