73 840 теңге: терезені ашық қалдырған ата-аналарға айыппұл салынады
Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралары орындалмаса, айыппұл қарастырылған.
Бас прокуратура тұрғын үй терезелерінен балалардың құлап кету жағдайларына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады.
Ведомство мәліметінше, балалардың терезеден абайсызда құлап кету жағдайлары жыл сайын тіркелуде.
“Елде жылы кезеңнің ерте басталуына байланысты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету жағдайлары тіркелуде.Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда балалар қысқа уақытқа болса да қараусыз қалады. Бұл қайғылы салдарға әкеледі. Ашық терезелер мен қауіпсіздік сезімін жалған түрде қалыптастыратын москиттік торлардың болуы ерекше қауіп төндіреді”, – делінген хабарламада.