Ақтаудағы асаба мен оның әйелімен болған секс-видео: жасөспірімнің отбасынан 8 миллион талап еткен
Видеоны ұрлап, таратты делінген жасөспірімнің анасы баласының кінәсіз екенін айтуда.
Ақтауда «Хан» лақап атымен танымал іс-шара жүргізушісіне қатысты интимдік бейненің таралуы бойынша іс қаралуда. Бұл іске қатысы бар делінген кәмелетке толмаған мобилографтың анасы ұлының видеоны ұрлауға қатысы жоқ екенін және қысымға ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әйелдің айтуынша, оның 16 жастағы ұлы тамадада бірнеше күн ғана жұмыс істеген, алайда еңбекақы алмаған. Сонымен қатар, оның сөзінше, жасөспірімге уәде етілген такси шақырылмай, ол үйіне өз бетімен қайтуға мәжбүр болған.
Анасы бейнежазба ұрланбағанын алға тартады. Оның айтуынша, видеоны телефон иесінің өзі байқамай жіберген болуы мүмкін. Сондай-ақ, жасөспірімнің туыстары істі тоқтату үшін олардан 8 миллион теңге талап етілгенін және көпшілік алдында кешірім сұрауды міндеттеп отырғанын айтады.
«Біз кешірім сұрамаймыз. Не үшін? Неге олар кімге не жіберіп жатқанын бақыламайды? Енді бәрін менің кәмелетке толмаған ұлыма жапқысы келеді», — деді ол.
Жасөспірімнің анасы бұл жағдайдың отбасыға ауыр әсер еткенін де жеткізді. Оның айтуынша, күйзелістің салдарынан жүктіліктің соңғы кезеңінде баласынан айырылған.
Қазіргі уақытта іс сотқа жолданған. Жасөспірім 11-сыныпта оқиды және ҰБТ-ға дайындалып жатыр. Оның отбасы баланың болашағына алаңдаулы.
Сондай-ақ, әйел полиция бөлімшесінде өздерін видеоға түсірмеуді сұрағанын, себебі ұлының кінәсі әлі дәлелденбегенін айтқан. Алайда келесі күні олардың қатысуымен түсірілген бейнеролик әлеуметтік желілерде таралып кеткен.