Мәдениет

Әншілер 2 мамырдан бастап фонограмма қолданатынын ескертуге міндеттелді

2 мамырдан бастап өнерпаздарға қатысты жаңа ереже күшіне енеді —сахнада фонограмма қолданылатыны туралы көпшілікке ашық түрде алдын ала ескертуі керек.

Әншілер сахнада фонограммамен ән айтатынын бір ай бұрын ескертуге міндетті. Ереже 2 мамырдан бастап күшіне енеді. «Фонограмма қолданылады» деген мәлімет билбордтарда, билет кассаларында және ақпарат құралдарындағы жарнамаларда міндетті түрде көрсетілуі керек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Қазір кейбір әншілер әдемі дауысымен емес, әнге арнайы эффектілер қосумен жарысады. Компьютер жасап берген дауысты қосып қойып, ернін жыбырлатып тұратындар аз емес. Ал енді 2 мамырдан бастап өнерпаздарға қатысты жаңа ереже күшіне енеді —сахнада фонограмма қолданылатыны туралы көпшілікке ашық түрде алдын ала ескертуі керек.

Музыкалық шығарманы орындау кезінде дауыс (вокал) фонограмманы пайдалану туралы ұйымдастырушылар, сондай-ақ шығармашылық ұжым мен орындаушы көрерменге міндетті түрде ақпарат беруі керек және билет сату басталғанға дейін ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара мен мәдени-бұқаралық іс-шараға 30 күннен кешіктірмей жүзеге асырылады”, - делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі бұйрығында.

Ескертуді тек бір жерде емес, бірнеше платформада көрсетуге  міндетті. Яғни сыртқы жарнамада, билет кассасында, ақпарат құралдарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жариялануы тиіс. Теледидар мен радиода берілетін жарнамаларға да нақты талаптар енгізілді. Фонограмма туралы ескерту кемінде 5 секунд айтылып, оның дыбысы негізгі жарнамадан бәсең болмауы керек. Жанды дауыс — тыңдарманға, киелі сахнаға деген құрмет. Алайда мынадай аспаптармен жанды дауыста өнер көрсету қып-қызыл шығын дейді әншілер. Өйткені домбыраны күмбірлетіп, гитараны сөйлететін музыканттарды жалдауға бәрінің қалтасы көтере бермейді. Жаңа ережені тәжірибелі әншілер қолдап отыр. Тіпті Жұбаныш Жексенұлы фонограммаға мүлде тыйым салу керек екенін айтады. Жай ғана аузын жыбырлатып тұру — халықты көзбе-көз алдау, дейді әнші. Оның үстіне қазір жанды дауыста ән салуға қажет техникалық жабдықтар да жеткілікті екенін айтып отыр.

Фонаграмманы қолданатын жер ол тек түсірілім кезінде, әсіресе теларна бағдарламаларында керек болады. Ол жерде дыбысты сапалы етіп шығару қиындау. Ал енді жеке концертте, үлкен залдарда, кез-келген зал, қазір техника дамыған кез емес пе, сондықтан оны сылтаурату деген миға сыймайтын нәрсе. Дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев те халыққа фонограмма туралы ескерткен дұрыс дейді. Дегенмен тыңдармандардың арасында фонограммамен айтатын әншілердің де өз жанкүйерлері бар екенін жоққа шығармайды”, - дейді Жұбаныш Жексенұлы.

Дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев те халыққа фонограмма туралы ескерткен дұрыс дейді. Дегенмен тыңдармандардың арасында фонограммамен айтатын әншілердің де өз жанкүйерлері бар екенін жоққа шығармайды. 

 Мысалы, фонограмманы қай жерде айтуға болады, қай жерде айтуға болмайды деген нәрсені шешу керек. Үлкен стадиондарда, белгілі арналарда фонограмамен айтуға болады деп. Енді жарнамаға байланысты, әрине, басқарма Өзбекстанда, Қырғызстанда бола ма, шетелде, мысалы, әрбір санатқа бөлінеді. Яғни сіз плюспен айтатын болсаңыз, міндетті түрде ,мен плюспен айтамын,, болмаса, жанды дауыспен деп, болмаса, үлкен оркестрмен жеке шығамын дегенің бәрін афишаға қосқан дұрыс” дейді Рамазан Стамгазиев, дәстүрлі әнші.

Бұл тұста тыңдармандардың пікірі қақ жарылды. Бірі — екі сағат бойы тоқтаусыз ән айтатын жағдайда әншілерді аяп отырса, енді бірі — сүйікті әнін жанды дауыста тыңдағысы келеді. Әсіресе рухани азық алуға қалтасын қағып, билетті қымбат бағаға сатып алып баратын олар, «ақымыз ақталса» деген тілегі бар.

Фонограмаға қарсымын, өйткені қаншалықты халық рухани азық алайын деп барады, ол жерде жансыз дауыспен жүректен-жүрекке жетпейді деп ойлаймын.  Сондықтан да мен үзілді-кесілді фонограммаға қарсымын. — Үлкен концерттерде қиындықтар туындайды. Дауыс жету керек. Тамақты да, дауысты да сақтау керек деген сияқты. Фонограмманы ән айтқан кезде, барлық он ән болса, сол он ән емес, соның арасында бірнеше әнді фонограммамен айтуға болады деп ойлаймын”, дейді.

 

Ереже көрермендердің құқығын қорғауға, ал әншілердің адалдығын арттыруға бағытталған. Егер заңдағы ереже еленбесе, нақты қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз.