10 жыл ішінде «Сәтті Жұлдызда» бағы жанғандар: миллиондар, пәтер, көлік ұтқандар жеңіс жолымен бөлісті
"Сәтті Жұлдыздан" ең қомақты қаржыны өзін құпия сақтауды сұраған қазақстандық 584 млн теңге ұтып алған.
Лотерея көпшілік үшін әлі де бақ сынаудың кең тараған тәсілдерінің бірі болып қала береді. Біреулер үшін бұл жай ғана көңіл көтеру болса, енді біреулер үшін – көптен бергі арманын жүзеге асыру мүмкіндігі. «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы 10 жылдан бері қазақстандықтарға бағы мен сәттілігін сынап, бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік беріп келеді.
«Сенбеп едім, бірақ ұтып алдым!»
Осындай оқиғалардың бірі – көлік ұтып алған қазақстандық Светлананың жеңісі. Қуаныштан әйел көз жасын тыя алмаған, өйткені бұған дейін мұндай ұтыс туралы тіпті армандамаған.
«Бұл – нағыз сәттілік. Бұрын мұндайды бастан кешірмеппін. Күйеуім онлайн бірнеше билет алуды ұсынған, бірақ ол жолы ештеңе ұтпадық. Кейін сауда орталығына азық-түлік алуға барғанымызда, бір әйелдің лотереядан ұтып алғанын көрдік. Сонда кеңесші маған да қатысуды ұсынып, автокөлік ойнатылып жатқанын айтты», – деп еске алады Светлана.
Әйел соңына дейін жеңіске сенбеген. Тіпті «Сәтті Жұлдыз» қызметкерлері хабарласқанда да, болған жайтқа күмәнмен қараған. Сондықтан ол ұтысы туралы тек ұлына ғана айтқан.
Светлана жүлдені ақшалай алуды жөн көріп, 10 млн теңгені таңдады. Бұл қаржыны ол отбасылық маңызды қажеттіліктерге жұмсамақ: қарыздарын жабу, үйге қажет заттар алу және ең бастысы – 5 жылдан бері көрмеген анасына барып қайту.

Миллионер болуға – әр адам лайықты
«Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясының 10 жылдық тарихында мұндай оқиғалар аз емес. Осы уақыт ішінде қазақстандықтар 45 пәтер мен 71 автокөлік ұтып алған, ал төленген ұтыстардың жалпы сомасы 1 трлн теңгеден асқан. Лотереяның арқасында 800 адам миллионер атанған.
Көлік ұту – жиі кездесетін жағдай
Лотереядағы жүлде ретінде автокөлік ұту сирек емес. Мәселен, 2021 жылы Түркістан тұрғыны Нұржан Toyota Camry 75 көлігін иеленді. Ол «Сәтті Жұлдыз» тираждарына тұрақты қатысып жүрген. Кезекті рет «LOTO 6/49» лотереясының 5 билетін 9 000 теңгеге сатып алып, соның біреуі жеңімпаз болып шыққан.
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Заузағали да дәл осындай көлікті ұтып алған. Ол жұмысқа бара жатып бірнеше билет сатып алып, кейін оны ұмытып кеткен. Кейін ірі ұтыс туралы білген соң, қаражатты жаңа үй сатып алуға жұмсауды ұйғарған.
Ал Отеген батыр кентінің тұрғыны Мейірхат бірнеше жыл бойы қатысқаннан кейін ғана көлік ұтып алған. Алғашында сенбегенімен, кейін сәттілік әркімге күле алатынына көзі жеткен.

Пәтер – ең қалаулы жүлде
2025 жылдың қаңтарында Өскемен тұрғыны Павел Сарафанов екі жыл бойы тұрақты қатысқаннан кейін пәтер иесі атанды. Күтпеген қоңырау оның отбасының өмірін түбегейлі өзгертті.
Сол кезеңде тағы бір қазақстандық – Жұмабек те жолы болып, пәтер ұтып алды. Ол 20 жыл бойы лотерея билеттерін сатып алып келген. Ақыры табандылығы өз нәтижесін берді.
«Мен бір күні міндетті түрде ұтамын деп сенетінмін. Кейде қатысуды тоқтаттым, бірақ қайта оралдым. Міне, арманыма жеттім!» – деді Жұмабек.

Ірі ұтыстар мен джекпоттар
Үшаралдық Қайрат «5/36» лотереясында 4 383 415 теңге көлемінде джекпот ұтып алды. Жеңімпаз сандарды өзі таңдаған – олар жұбайы мен балаларының туған күндері болған. Бұл қаражат отбасы үшін аса қажет еді, өйткені жұбайына қымбат ота жасау керек болған.
Зейнеткер Лидия Кисляк та ұзақ жылдар бойы лотереяға қатысып, 2022 жылдың наурызында 10 млн теңге ұтып алған. Ол бұл ақшаны жеке баспанасына жұмсауды жоспарлаған.
Ал алматылық Несіпжан Төлегенов өзін «лотереяның кәсіби қатысушысымын» деп санайды. Ол 20 жыл бойы тұрақты түрде билет сатып алып келген. Соның нәтижесінде «5/36» ойынында 21 млн теңгеден астам ұтып алды. Бұл қаражатты ипотеканы жабуға, отбасына көмектесуге және көлік алуға жұмсауды жоспарлаған.
«Бұрын отбасым қарсы болатын, ақшаны желге ұшырасың дейтін. Бірақ мен әркімнің өз хоббиі бар дейтінмін. Мен өз ісімде кәсібимін. Лотереяға сенбейтіндерге айтарым – үміттеріңізді үзбеңіздер», – деді ол.
Моменталды лотереяларды ұнататындар да жүлдесіз қалмайды. Мысалы, қазақстандық Абдурашид 10 жылдан астам уақыттан кейін «3 Алмаза» ойынында 5 млн теңге ұтып алды.
Ақтөбелік Даулет 5 жыл бойы күн сайын дерлік билет сатып алып, ақыры 62 млн теңге ұтып алған. Бұл қаражат отбасының тұрмыс жағдайын жақсартуға және балаларын қолдауға жұмсалған.

Джекпот ұту – сирек, бірақ мүмкін
Ақтөбелік Берік 2022 жылдың қарашасында 41 млн теңге джекпот ұтып алған. Ол такси қызметімен қосымша табыс тауып жүрген және лотереяға үнемі қатысып отырған. Ұтыс оған ипотеканы жабуға, көлік алуға және болашаққа қаражат жинауға мүмкіндік берді.
Ал 2023 жылы Петропавлда ерекше оқиға болды. 36 жастағы Константин туған күніне сыйға алған ақшасына билет сатып алып, «LOTO 6/49» ойынында 109 млн теңге джекпот ұтып алды.
Қызылордалық көпбалалы ана Жанар әкесінің үлгісімен лотереяға қатыса бастаған. 2024 жылы әкесі екеуі бірге «LOTO 6/49» ойынында 156 млн теңге джекпот ұтып алған.
«Алдымен бұл жай ғана шағын ұтыс шығар деп ойладым. Хабарламаны оқығанда қатты таңғалдық. Біразға дейін сене алмадық», – дейді Жанар.
Алматылық Антони Палик те «LOTO 6/49» ойынында 106 млн теңгеден астам ұтып алған. Бұған дейін ол көлік ұтып алғанын айтқан.
«Сәтті Жұлдыз» тарихындағы ең ірі ұтыстардың бірі – 289,7 млн теңге. Бұл жүлдені Алматы тұрғыны жеңіп алып, аты-жөнін жарияламауды жөн көрген. Ол қаражатты бұрынғы қарыздарын жабуға жұмсаған.
Ал ең үлкен джекпот – 584 млн теңге. Бұл ұтысты Шымкент тұрғыны TeleBingo ойынында иеленген. Ол бұл қаражатқа жеке бизнес ашып, өзгелерге көмектесуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бұл – барлық жеңіс оқиғаларының бір бөлігі ғана. 10 жыл ішінде мұндай мысалдар әлдеқайда көп. Біреуге сәттілік кенеттен келсе, енді біреулер оны жылдар бойы күткен. Бірақ қорытынды бір – сенім болса, жеңіске жету мүмкіндігі де арта түседі.