Мәдениет

"Әкеңіз жақында қайтты ғой": Мұрат Бисембиннің қызы қалыңдық атанды

Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова той көйлегімен түскен суретін жариялады.

Танымал актер, марқұм Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова қалыңдық атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Марқұмның қызы әлеуметтік желідегі парақшасында күйеу жігітімен түскен суреттерін жариялады.

Актердің қызының сүйіктісі ­­- танымал спортшы Мұхаммед Расул. Ол Қазақстан регби ұлттық құрамасының капитаны. 

Желі қолданушылары актердің қызының қуанышты жаңалығын әртүрлі қабылдады. Бірі жақсы тілектер айтып құтықтаса, енді кейбіреуі актердің өмірден өткеніне бір жыл толмағанын жазуда.

Олар “Әкеңіз жақында қайтты ғой, тойға ерте емес пе?”, “Әкеңіз сіздің бақытты болғаныңызды қалайтын еді”, деп жазған.

Еске салайық, "Рэкетир" фильміндегі Руслан рөлімен кеңінен танылған Мұрат Бисембин  2026 жылы 8 қаңтарда қайтыс болды.