Алматыдағы Розыбакиев көшесінің орнына Мұхтар Шахановтың есімін беру ұсынылды
Қазіргі уақытта петицияны 179 адам қолдаған, 55 адам қарсы қол қойған.
Алматы қаласындағы ірі көлік магистральдарының бірі – Розыбакиев көшесінің атауын халық жазушысы, көрнекті ақын және мемлекет қайраткері Мұхтар Шахановтың есімін беруді ұсынып, арнайы петиция жариялады, деп хабарлайды, KYN.KZ тілшісі.
Қазіргі уақытта петиция желіде қол жинау үстінде. Алматылықтың бастамасын әзірге 179 адам қолдаған, 55 адам қарсы қол қойған.
Қолдаушылардың айтуынша, Мұхтар Шаханов көзі тірісінде-ақ мұндай құрметке лайықты тұлға. Дегенмен, қалалық ономастика комиссиясы бұл мәселеге қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көше атауларын өзгерту үшін петицияның тиісті дауыс санын жинауы және ономастикалық комиссияның оң қорытындысы қажет.
Абдолла Ахметұлы Розыбакиев – Жетісу өңірінде қоғамдық-саяси басқару жүйесін қалыптастыруға араласып, Кеңес өкіметін орнату ісіне қатысқан тұлға.
Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында 19 сәуірде қайтыс болды.