Спорт

Жайдарманшы Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті болды

Өнер иесі өз алғысын білдірді.

Танымал актер, жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әзілкеш әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесі Түркістан облысы күрес федерациясына және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс білдірді.

"Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі сенім. Көрсетілген қолдау үшін Түркістан облысы күрес федерациясына және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысымды білдіремін.

Алдағы уақытта күрес спортын кеңінен насихаттау, оның имиджін арттыру және медиа бағытты жаңа деңгейге көтеру жолында бар күш-жігерімді саламын.

Жинақтаған тәжірибем мен шығармашылық көзқарасымды осы салаға бағыттап, бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенемін” – деп жазды ол.