Доллар қайтадан 500 теңгеге дейін өсе ме?: Ұлттық банк төрағасы түсіндірді
Ұлттық банк доллар бағамына қатысты болжамын айтты.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы доллар бағамына қатысты пікір білдірді. Брифингте оған доллар қайтадан 500 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, валютаға негізгі сұраныс жаз мезгілінен бастап артады.
“Қазір мұнай бағасына қатысты жағдай жаман емес. Бұл елге валютаның келуіне және нарықтағы жағдайға әсер етеді. Сондықтан теңгенің айтарлықтай нығайғанын көріп отырмыз. Ал валютаға негізгі сұраныс жаз мезгілінен бастап артады. Бұл қалыпты маусымға байланысты құбылыс”, – деді Ұлттық банк басшысы.
Оның айтуынша, қазір теңге-доллар бағамы нарықтық жағдайда қалыптасып отыр.