Қоғам

Тоқаве оқу мәдениетін насихаттау туралы Жарлыққа қол қояды

23 сәуірде қазақстандықтар Ұлттық кітап күнін атап өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқу мәдениетін насихаттау туралы Жарлыққа қол қояды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Осы мерекеге орай жолдаған құттықтауында Президент цифрландыру дәуірінде де кітап білім мен құндылықтардың маңызды көзі болып қала беретінін атап өтті. Ол оқу мәдениеті ұлт сапасының жоғары деңгейін көрсететін жалпыға танылған көрсеткіш екенін және қоғамның мінез-құлық кодексінің ажырамас бөлігі болып қалуы тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ Қ. Тоқаев кітап оқуға деген қызығушылықтың қайта жандану үрдісін оң бағалап, оқу мәдениеті, әсіресе жастар арасында, біртіндеп қайтадан танымал бола бастағанын жеткізді.

Айта кетерлігі, жақын уақытта Президент оқу мәдениетін насихаттауға және оқырман, зияткер ұлт қалыптастыруға жағдай жасауға бағытталған арнайы Жарлыққа қол қояды. Бұл жүргізіліп жатқан жұмыстың жүйелі сипатын айқындап, қоғамда оқу мәдениетін орнықтыру мемлекеттің негізгі басым бағыттарының бірі екенін көрсетеді.