Нұрлан Сабуровқа тиесілі компания Ресейдегі салық берешегін өтеді
Қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровтың компаниясы Ресейдегі салық бойынша берешегін толық өтеді.
Бұл туралы «РИА Новости» агенттігі «БИР-Аналитик» жүйесінің деректеріне сілтеме жасап хабарлады.
Сабуровтың компаниясы кинофильмдер, бейнефильмдер және телебағдарламалар өндірумен және оларды таратумен айналысады. 2025 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша компанияның 18,9 мың рубль көлемінде қарызы болған.
«Салықтар мен жарналар бойынша берешек жоқ», – делінген материалдарда.
Еске салайық, ақпан айында Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салған еді. Ресейлік басылымдардың жазуынша, «соғысқа кетесің не еліңе қайтасың» деп шарт қойылған.
Сондай-ақ, жуырда Молдова билігі ресейлік әнші Диана Арбенина мен әзілкеш Нұрлан Сабуровтың елде концерт бергенін құптамады.