Қоғам

"5 миллион теңге беріледі": Қарағандыда Жеңіс күніне орай ардагерлерге көмек беріледі

Биыл майдангерлерге 5 млн теңгеден беріледі.

Қарағанды облысында Жеңіс күніне орай ардагерлерге материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғалымжан Спабековтің айтуынша, бүгінде облыста Ұлы Отан соғысының 6 қатысушысы тұрады: олардың бесеуі Қарағандыда, біреуі Осакаровка кентінде.

Биыл майдангерлерге 5 млн теңгеден беріледі.

Тыл еңбеккерлерінің саны – 2029. Олардың әрқайсысына 100 мың теңгеден төленеді.

Сонымен қатар қолдау басқа да санаттағы азаматтарды қамтиды:

  • концлагерь тұтқындары мен қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден (33 адам);
  • қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері мен жұбайларына 50 мың теңгеден (89 адам) беріледі.

Материалдық көмек сәуір-мамыр айларында аударылады. Бұдан бөлек, ардагерлерге шипажай-курорттық ем алуға қолдау қарастырылған – қажетті қаражат жергілікті бюджеттерде көзделген.