Қоғам

Алматыда ер адам автобустың ішінде қызға жыныс мүшесін көрсетті (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта оқиғаның болған орны мен құқық бұзушының жеке басы анықталуда.

Алматыда ер адам қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған қызға жыныс мүшесін жалаңаштаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видео әлеуметтік желіге тарады. Куәгерлердің айтуынша, ол кәмелетке толмаған қыздың көзінше арсыз әрекет жасаған.

Алматы қаласының Полиция департаменті бейнематериалдың таралу фактісі бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

«Қазіргі уақытта оқиғаның болған орны мен уақыты, сондай-ақ құқық бұзушының жеке басы анықталуда. Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп нормаларын өрескел бұзады және оларға жол берілмейді», - делінген хабарламада.

Барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.