Қоғам

Қазақстанда сәуір айының соңғы күндері жаңбырлы болады

Еліміздің кейбір өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Синоптиктер 28–30 сәуір аралығына ауа райы болжамын жасады. Бұл күндері құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді, тұман түсіп, шаңды дауыл болады, деп хабарлады KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр аралас қар жауады. Елдің оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерінде шаңды дауыл күтіледі. Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман болады.

Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады:
    •    солтүстік және орталық облыстарда – барлық кезеңде;
    •    оңтүстік облыстарда – 28 және 29 сәуірде;
    •    шығыс облыстарда – 29 және 30 сәуірде.

Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы +3 градусқа дейін төмендейді.

Күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:
    •    батыста – +15…+20 градусқа дейін;
    •    солтүстік-батыста – +17…+25;
    •    солтүстікте – +21…+26;
    •    орталықта – +21…+30;
    •    шығыста – +19…+27;
    •    оңтүстікте – +25…+34;
    •    оңтүстік-шығыста – +22…+27 градусқа дейін.