Қоғам

Екі қыз отырған: Астанада аттаркцион құлап кетті

Саябақта аттракцион құлап, екі қызды басып кете жаздады.

Астананың Орталық саябағында балалар отырған аттракцион құлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Нұра ауданының полиция департаменті растады.

Болған оқиға туралы қала тұрғыны әлеуметтік желіде жазған. Аттракцинда отырған екі бала бірнеше айналым жасағаннан кейін сынып кеткен.

“Демалыс күні болған соң екі қызымды алып, жолдасым төртеуміз Орталық паркке келдік. Сағат 17:10 кезінде қыздарымызды аттракционға отырғыздық. 2-3 айналған соң қыздар отырған кабина темірінен үзіліп түсті. Көз алдымда балаларымды езіп кете жаздады”, – деп жазды анасы. 

Полиция мәліметінше, аттракцион операторы келушілер отырған кабина құлағанын өзі хабарлаған. 

Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп, кабина аспалы құрылымның бекіткішінен ажырап кеткенін хабарлады.