Қоғам
Қостанай облысында отбасылық жанжал кезінде анасын қорғамақ болған жасөспірім көз жұмды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 21:24
- 23
Жасөспірім анасын күйеуінен қорғаймын деп көз жұмды.
Қостанай облысындағы Жітіқарада отбасылық жанжал кезінде 15 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, 25 сәуірде болған жанжал кезінде 37 жастағы жергілікті тұрғын пышақ жарақатын алған. Оның ұлы да жараланып, оқиға орнында көз жұмды.
Кейін облыстық полиция департаменті жанжал ерлі-зайыптылар арасында болғанын, ал жасөспірім анасын қорғауға тырысқанын нақтылады.
Қазіргі уақытта кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Ол зардап шеккен әйелдің күйеуі болып шықты.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


