«Ата-анасымен де таныстым»: Жігер Ауыпбаев сүйіктісі туралы ашық айтты
Жігер Ауыпбаев сүйіктісімен қыз-жігіт болып араласып жүргенін айтты.
Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев сүйіктісі туралы ашық айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы “1001 түн” бағдарламасына берген сұхбатында сөз қозғады. Өнер иесінің сүйіктісі 2003 жылы дүниеге келген, қазір 23 жаста екен.
“Ата-анасымен де таныстым. Ол екеуміз қыз-жігіт сияқты махаббат болып жүрміз. Негізі менің жанымда кім тұрса да, кішкентай болады, себебі менің бойым 195 сантиметр. Жаныма тіпті 170, 180 сантиметрлік адамдар келіп тұрса да сол. Ал оның бойы 165 сантиметр шамасында, бәрібір кішкентай болып тұрады. Адамның бойына қарайтын болсам, өмір бойы бойдақ болып өтетін сияқтымын. Сондықтан ойына, тәрбиесіне қарап, сөйлесіп жүрміз. Ал “Кішкентай қыз” деген әнді сол қызға арнадым”, – деді ол.