"Біз өз қателігімізді түсіндік": блогер Жанәбілов қазақстандықтарға үндеу жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 сәуір, 2026
- 125
Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова сот үкімі шыққаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Үкім жарияланғаннан кейін блогерлер сотқа, прокуратураға және қазақстандықтарға алғыс айтты. Бұл туралы видеоны олардың адвокаты Гауһар Айтжанова жариялады.
“Біз сотқа, қабылданған шешім үшін прокуратураға алғыс айтқымыз келеді. Сондай-ақ бейжай қарамай, қолдау білдірген, бізге деген ықыласы мен сүйіспеншілігін сездірген барша отандасымызға рақмет айтамыз. Туыстарымыз сіздердің тілектеріңізді оқып, бізге жеткізіп отырды. Тіпті Гауһар Алтынбекқызы да үнемі “Жұрттың бәрі сіздерді қолдап жатыр” деп айтып жүрді. Біз өз қателігімізді түсіндік. Мұны қайталамаңыздар. Сондықтан баршаңызға шын жүректен алғыс айтамыз”, – деді Эльмира Төлегенова қазақстандықтарға үндеуінде.
Ерболат Жанабылов та қолдау білдіргендердің бәріне алғыс айтты.
“Барлық оқырманға және бізді қолдаған жандарға көп рақмет”, – деді блогер.




