Қоғам

Алматыда зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам қамауға алынды

Зейнеткерді ер адам аялдамада аяусыз соққыға жыққан.

Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, сот санкциясымен 26 жастағы ер адам қамауға алынған.

"Тергеу қамауға алу туралы өтініш білдірді – прокуратура мен сот бұл өтінішті қолдады", - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, 23 сәуірде Алматыда ер адам аялдамада тұрған 66 жастағы зейнеткерге тап беріп, оны аяусыз соққыға жыққан.