64 875 теңге: Шымкентте кейбір қазақстандықтарға мамыр айында бір реттік төлем беріледі
Сәуір мен мамыр айында 1876 адамға бір реттік көмек төленеді.
Шымкентте мамыр айында бір реттік әлеуметтік көмек кімдерге берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Шымкент әкімдігі жариялады.
Әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бір реттік әлеуметтік көмек арнайы қағидаға сәйкес, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен, қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 19 наурыздағы шешімімен бекітілген және мерекелік, атаулы күндерге орай беріледі.
Сәуір мен мамыр айындағы мұндай көмек 1876 адамды қамтиды:
45 АЕК мөлшеріндегі (194 625 теңге) көмек:
- 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күніне орай 192 адамға;
- 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 181 адамға беріледі.
15 АЕК (64 875 теңге) көлеміндегі бір реттік төлем:
- 9 мамыр – Жеңіс күніне орай тыл еңбеккерлері саналатын 1280 адамға;
- Ұлы Отан соғысы кезінде алған жарақаттан немесе аурудан қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың екінші рет некеге тұрмаған жұбайларына (60 адамға);
- қаза тапқан әскери қызметшілердің 163 отбасына беріледі.