Қоғам

Алматыда лифтте қызға шабуыл жасаған 26 жастағы ер адам ұсталды

Ер адам лифтте қызға шабуыл жасап, дене жарақатын салған.

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтте қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.

Алматы Полиция департаменті бұл дерек бойынша Алатау ауданы полиция басқармасы дереу шаралар қабылдағанын хабарлады.

"Қоғамдық орында агрессивті мінез-құлық танытқан және қызға дене жарақатын салған 26 жастағы ер адам ұсталды. Дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің әрекетіне заңнама аясында жан-жақты құқықтық баға беріледі", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.