Қазақстанда доллар бағамы 2024 жылдың жазындағы деңгейге түсті
Доллардың орташа бағамы 2,95 теңгеге төмендеді.
Қазақстанда 28 сәуірдегі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 457,21 теңгені құрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,95 теңгеге төмендеп, 457,21 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 28 сәуірдегі ресми бағамы – 460,80 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы
- сатып алу – 457,89 теңге;
- сату – 460,14 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы
- сатып алу – орта есеппен 454,06 теңге;
- сату – 461,06 теңге.
Айта кетсек, доллардың 460 теңгеден төмен түскені 2024 жылғы маусымнан бергі ең төменгі көрсеткіш.