Африкада аң аулауға шыққан миллионерді пілдер таптап өлтірді
75 жастағы америкалық миллионер аң аулау кезінде қаза тапты.
Америкалық миллионер Эрни Дозио сирек кездесетін орман бөкені мен ергежейлі орман енекесін аулауға шыққан. Алайда аңшылықтың соңы қазамен аятқалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Collect Africa мәліметінше, қайғылы оқиға Лопе-Оканда тропикалық орманында болған.
75 жастағы кәсіпкермен бірге кәсіби аңшы-нұсқаушы болған. Кенет қалың бұтаның арасынан бес ұрғашы піл мен бір пілдің төлі шыға келген. Төлін қорғаған жануарлар топқа бірден тап берген.
Басылымның жазуынша, кәсіби аңшы соққыдан шетке ұшып түсіп, ауыр жарақат алған. Ал Дозионың қолында тек бөкен аулауға арналған бытыралы мылтық қалған. Пілдер оны таптап өлтірген.
Марқұмның танысының айтуынша, Эрни бала күнінен аңшылықпен айналысқан. Оның Африка мен АҚШ-тан жинаған көптеген олжасы болған. Танысы көпшілік ірі аң аулауды құптамайтынын, бірақ Дозионың барлық сафариі лицензияланғанын және жануарлар санын реттеу ережелері аясында өткенін айтқан.
Марқұмның денесі АҚШ-тың Габондағы елшілігінің көмегімен Калифорнияға жеткізіледі.