Үсік жүреді: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
30 сәуір – 2 мамыр аралығында солтүстік-батыста, 2 мамырда елдің солтүстігінде түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Қазақстанда 30 сәуір және 1, 2 мамырда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Қазгидромет" синоптиктерінің болжауынша, еліміздің ауа райы құбылмалы болады.
"30 сәуірде елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, 2 мамырда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін", - деді метеорологтар.
30 сәуірде солтүстік және орталық облыстарда, ал шығыс облыстарда кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Синоптиктердің мәліметінше, үш күн бойы батыста, 30 сәуірде шығыста, 30 сәуір – 2 мамыр аралығында солтүстік-батыста, 2 мамырда елдің солтүстігінде түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Күндіз ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі:
- оңтүстік-батыста +17...+22 градусқа дейін,
- солтүстік-батыста +13...+25 градусқа дейін,
- шығыста +25...+32 градусқа дейін,
- оңтүстік-шығыста +25...+32 градусқа дейін.
Ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
- батыста +10...+15 градусқа дейін,
- солтүстікте +12...+18 градусқа дейін,
- орталықта +15...+25 градусқа дейін,
- оңтүстікте +18...+23 градусқа дейін.