Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

3,5 миллион теңгеге жасалған: Мақпал Жүнісова күзетшісі мен жүргізушісіне тұрғын үй сатып әперді

3,5 миллион теңгеге жасалған: Мақпал Жүнісова күзетшісі мен жүргізушісіне тұрғын үй сатып әперді
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Әнші өз қызметкерлеріне жабдықталған үй сыйлады.

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова күзетшісі мен жүргізушісіне тұрғын үйлер сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол үйлердің тапсырыспен дайындалғанын айтты.

«Күзетші мен жүргізушінің арнайы тұрғын үйі. Ішінде дәретханасы, жататын бөлмесі, асүйі бәрі бар. Осындай, кранмен әкеліп құрып жатыр. Тұрғын үй толық жабдықталған, жылытылған, қыста суық, жазда ыстық болмайды. Бәрі заманауи талаптарға сай», – деді Мақпал Жүнісова видеода.

Айтуынша, бұл үйлер шамамен 3,5 миллион теңгеге жасалған. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар