"Оның еш кінәсі жоқ": Ақтауда әйелімен интим-видеосы тарап кеткен асаба үндеу жасады
Ақтаулық блогер соңғы жағдайларға қатысты айтты.
Әлеуметтік желіде әйелімен түскен интимдік видеосы тараған «Хан» атымен танымал ақтаулық асаба отбасына жасалып жатқан қысым туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, бұл жағдай әйеліне ауыр тиіп отыр. Сол себептен көпшіліктен жағымсыз пікір жазуды тоқтатуды сұрады.
«Қазір әйеліме өте қиын. Егер сын айтқыңыз келсе — маған айтыңыздар. Мен көтеремін. Өтінемін, оны қозғамаңыздар. Оның еш кінәсі жоқ», — деді ол.
Сондай-ақ асаба жалған ақпаратқа сенбеуге шақырып, өзіне қатысты айтылған сынға жауап берді.
«Мен бәріне өзім жеттім. Ауылда өстім, түрлі жұмыстар істедім. Қазір Instagram арқылы табыс тауып, отбасымды асырап отырмын», — деді асаба.