Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда оқушылардың сабақ кезінде телефон қарауына тыйым салынады: Мәжілісте заң жобасы қаралды

Қазақстанда оқушылардың сабақ кезінде телефон қарауына тыйым салынады: Мәжілісте заң жобасы қаралды
Сурет: velter.tech/blog
Мұғалімдердің құқықтарын қорғауға және олардың мәртебесін арттыруға бағытталған заң жобасы қаралды.

Бүгін Парламентте педагог мәртебесі туралы заң жобасы қаралып, бірнеше маңызды шешім қабылданды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Құжатты депутат Асхат Аймағамбетов таныстырды. 

“Заң жобасы мұғалімдердің құқықтарын қорғауға және олардың мәртебесін арттыруға бағытталған. Негізгі шаралардың бірі – орта білім беру ұйымдарында ұялы телефондарды қолданудың бірыңғай ережелерін енгізу”, – деді Асхат Аймағамбетов.

Талқылау кезінде мәжілісмен Анас Баккожаев мектептерде телефондарды толық тыйым салуды ұсынды.

"Мұғалімдер балаларға артық сөз айтуға қорқады, мұны сіздер де жақсы білесіздер. Егер сіздерге осындай өкілеттікберілсе, бұл қандай нәтиже береді? Мектептерде заң бойынша телефонға толық тыйым салу туралы ұсынысқа қалай қарайсыздар?" — деп сұрады Анас Баккожаев.

Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мектепте телефон қолданбау мәселесі бүкіл әлемде талқыланып жатқанын айтты.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар