"Тәулігіне 16 рәсімге дейін жүргізіледі": Алматыда крематорий ашылды
Кремация құны 240 мың теңгеге бағаланып отыр.
Алматыда еліміз бойынша алғашқы крематорий ашылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Крематорий заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, оның ішінде зиянды қалдықтарды тазартатын арнайы жүйе бар. Екі камералы өртеу технологиясы қолданылады, бұл ауаға тарайтын зиянды заттарды барынша азайтып, иіс пен түтіннің шығуына жол бермейді.
Кремация құны 240 мың теңгеге бағаланып отыр. Тәулігіне 16 рәсімге дейін жүргізу мүмкіндігі бар. Нысан келесі дүйсенбі күні ашылады.
Кремация залында Чехиядан әкелінген екі пеш орнатылған. Олар 800-1000 градус температурада жұмыс істейді. Мәйітті өртеу үшін пеш 35 сағат бұрын қосылып, алдын ала қыздырылады. Одан кейін кремация жүргізіліп, күл арнайы контейнерге салынады.
Крематорий қызметі тек тірі кезінде өз денесін кремациялауға жазбаша келісім берген азаматтарға ғана қолжетімді.
Айта кетейік, нысанның құрылысы туралы шешім 2020 жылы қабылданғанымен, инженерлік желілерді, соның ішінде газ жүйесін тарту жұмыстарына байланысты іске қосу мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілді.